Синоптиктердің болжамынша, биыл маусым айына арналған алдын ала болжамға сәйкес атмосфералық құрғақшылық мына өңірлерде күтіледі:
- Қостанай облысында — Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында;
- Батыс Қазақстан облысында — Жаңақала ауданында;
- Қарағанды облысында — Шет ауданында;
- Ақмола облысында — Ерейментау және Аршалы аудандарында;
- Ақтөбе облысында — Шалқар және Ырғыз аудандарында;
- Атырау облысында — Құрманғазы және Махамбет аудандарында;
- Қарағанды облысында — Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында;
- Ұлытау облысында — Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елді мекендерінде;
- Алматы облысында — Жамбыл ауданында;
- Жетісу облысында — Алакөл ауданында;
- Жамбыл облысында — Талас ауданында;
- Қызылорда облысында — Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
— Аталған аудандарда жергілікті құрғақшылықтың туындау ықтималдығы жоғары.
Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы осы ай үшін қалыпты деңгейге жақын болады деп күтіледі, — делінген хабарламада.
Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және Қазгидромет ресми сайтында жарияланған.
Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланатын болады.
Айта кетейік, БҰҰ құрғақшылық салдары ауқымды болатынын ескерткен еді.