Білім беру мәселелері бойынша ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заң 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, дуальды оқыту, сондай-ақ функционалды сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлайды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.