Жалпы, 2014-2015 оқу жылында 34 165 грант, оның ішінде 2 530 орын ЖОО даярлық бөлімдеріне, 31 635 грант 1 курсқа түсетіндер үшін (күндізгі бөлімге 31 135, сыртқы бөлімге 500 грант). Техникалық ғылымдар мен технологияларға 12 600 мың, педагогикалық мамандықтарға 5 864, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық ғылымдарға 2 670 грант бөлінді. Колледжді бітіргендерді қолдау мақсатында қысқартылған оқу түріне 2 875 грант қарастырылды. Білім грантын тағайындау конкурсына 69 624 талапкер қатысуда. Конкурсқа қатысушылардың арасында 1 732 «Алтын белгі» иегерлері, 322 Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері, 179 жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, 921 жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, 891 республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары қатысады. Олардың білім грантын тағайындау кезінде басым құқықтары бар. Талапкерлердің жекелеген санаттары үшін қабылдау квоталары бекітілген. Олар: ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 30%; I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін - 1%; жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін - 0,5%; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 2%; жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдау үшін - 1%.
15:30, 08 Тамыз 2014
Білім грантын тағайындау конкурсына 69 624 талапкер қатысты - ҚР БҒМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның жұмысы аяқталды. Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, білім саласы кәсіподақтарының өкілдері, Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның азаматтық альянсы және жоғары оқу орындарының ректорлары енгізілген. Конкурстық комиссия отырысында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау бойынша үлкен дайындық жұмысының қорытындысы шығарылды, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.