Білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы бекітіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың соңына дейін Білім мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралыҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«Жаңамемлекеттік бағдарлама аясында үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі. Жалпысаны 500 мектеп тұрғызу жоспарланған. Оның ішінде 100-ден астам мектеп жанбасына шаққандағы қаржыландыру есебінен салынады», - деді Асқар Мамин.

Одан бөлек,мемлекеттік жеке кәсіпкерлік механизмі бойынша 3 мыңға жуық жаңа балабақшаашылады.

2021 жылымектептерде, колледждер мен ЖОО толығымен жаңа оқыту бағдарламаларына көшеді.

«Соныменбірге, шағын мектептерде білім беру сапасын жақсартуға, ауыл мен қаламектептері арасындағы айырмашылықты жоюға ерекше көңіл бөлінеді, - дептүсіндірді Премьер-Министр.

Үкіметбасшысы техникалық білім беруді экономика қажеттіліктеріне бағыттау үшін колледждердітрансформациялау және жұмыс берушілердің сенімгерлік басқаруына беру жұмыстарыбасталды.

«Еліміздің390 колледжіне халықаралық WorldSkills стандарттары мен модульдікбағдарламалары енгізіледі. Колледждер жүйесін нарық талабына қарайоңтайландыру басталады. Жатақхана орнымен қамтамасыз ету үшін 2022 жылдыңсоңына қарай 75 мың орын қолданысқа беріледі, оның 8 мыңы биыл беріледі», -деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ,Премьер ғылым саласында оның тиімділігін арттыру үшін ғылымды қаржыландыру менбасқарудың жаңартылған жүйесі енгізілетінін жеткізді. Бұл жүйе бөлінетінқаражаттың ашықтығын және тиімділігін көрсетпек.

Айтакетейік, елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтіңкеңейтілген отырысы өтіп жатыр. ЖиынғаҮкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері,орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің басшылары қатысуда.


Соңғы жаңалықтар