Білім министрі: Әліппенің Байтұрсынов әзірлеген үлгісін қайтарамыз – басқасының керегі жоқ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылы «Әліппе» Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде қайта енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әліппе мәселесінкөптен бері ұстаздар болсын, ата-аналар болсын көтеріп жүр. Бұл – өте маңызды.Біз әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы өздеріңізге жақсы танысқазақ тіліне бейімделген Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізілетінболады. Біз қазіргі уақытта осы жұмысты жүргізіп жатырмыз», - деді ол Тамызконференциясында.

Министр өз сөзінде«Әліппенің» бірнеше нұсқасын қарастырылғанын тілге тиек етті.

«Оларда ешқандайлогика жоқ. Баспалардың бірі 11 дауыссыз, 11 дауысты әрпі бар нұсқасын алыпкеліпті. Неліктен, мүмкін басқаша бір әдістеме бар шығар деп сұрай бастасаң –ешкім де түсінікті түрде жауап бере алмайды. Әліппе – тәжірибе жасайтын алаңемес. Бізде баяғыдан – нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Ол - АхметБайтұрсыновтың әдістемесі. Сондықтан, ештеңені ойдан шығармай, осы әдістеменіңнегізінде жұмыс жүргізетін боламыз», - деді Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар