Білім министрі баланы алты жасынан мектепке қабылдауға қатысты пікір білдірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды 6 жасынан мектепке қабылдау тәртібіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрынхабарланғандай, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров балаларды 6 жастанмектепке қабылдауға қатысты министрге үндеу жолдаған еді.

«Омбудсменнің үндеу хатына тоқталсақ, бұлақпаратты жаңалықтардан оқыдым.Менің ойымша, біз бұл үндеуді ресми түрде қарастырып, белгіленген тәртіптежауабын береміз. Өздеріңіз білесіздер, үш жыл бұрын бұл норма қабылданып, заңғаенгізілді. Сондықтан бұл норма жаңалық емес. Сонымен қатар, айыппұл салынадыдегенді нақтылай алмаймын, яғни балалар алты жасынан мектепке бармағаны үшінбізде айыппұл қарастырылмаған», - деді министр Орталық коммуникацияларқызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінеқарағанда, 2014 жылы еліміз бойынша бірінші сыныпқа 320 мың бүлдіршін барып,оның ішінде 60 пайызы алты жаста болған.

«Өткен жылыда 6 жасынан мектеп табалдырығын аттаған бала санына талдау жүргіздік, олардың80 пайызға жуығы алты жасында оқушы атанды. ЮНЕСКО мәліметі бойынша әлемнің 134елінде алты жастан мектепке барады. Әрине, балалардың дербес ерекшеліктері баржәне осыны біз ескеруіміз керек», - деді А. Аймағамбетов.

Соныменқатар, министр өз баласын да мектепке алты жасында бергенін және бұл шешімге ешөкінбейтінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар