Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты алғашқы Назарбаев оқулары халықаралық форумында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.
«ХХ ғасырдың соңы, КСРО-ның күйреуі және Еуразиядағы жаңа мемлекеттердің құрылуы адамзатқа мүлдем жаңа тәжірибе алып келді. Тоталитарлық биліктен демократиялық мемлекетшілдікке ауысу секілді күрделі міндеттерді шешуді қажет етті. Дәл осы кезде, Нұрсұлтан Назарбаевтың түбегейлі негізделген және іске асырған моделі ең тиімді деп танылды да, біздің Ұлт көшбасшысының айқындаған дамудың қазақстандық жолы әлемде үлкен ынта-ықылас туғызды», - деді министр.
Б.Жұмағұловтың пайымынша, бүгінгі таңда бұл жалпыға танылған және де «Назарбаев феномені» хақында көбісі айтып та, жазып та жүр. Әлемге танылған мемлекет басшылары, сарапшылар мен экономистер, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары Қазақстан мен оның басшысы туралы ерекше құрметпен және таңданыспенен тілге тиек етеді. АҚШ Президенті Барак Обама Назарбаевты «әлем басшыларына үлгі боларлық тұлға» деп атады. Пан Ги Мун да, Владимир Путин, Ху Цзиньтао, Маргарет Тэтчер, Тони Блэр дүниежүзінің басқа да көптеген белгілі саясаткерлері де осы пікірде.
«Сондықтан бұл феноменді зерттеу Қазақстанның жаңа заманғы тарихын түсіну үшін ғана емес, сонымен қатар күллі әлем дамуының қазіргі заманғы процестерін ұғу үшін де маңызды. Нұрсұлтан Назарбаевтың феномені - өте көп қырлы құбылыс», - деді ол.