Білім министрі: Оқушы болашақ мамандығын 7- сыныптан бастап айқындай бастауы керек

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың есептеуінше, оқушы қандай мамандықты таңдайтынын 7-ші сыныптан бастап айқындай бастауы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа оқу жылында200 мыңға жуық бала ерте профилизацияға өтеді. Өздеріңіз білетіндей, қазіргітаңда 10 сыныптың оқушылары жаңа бағдарламаға көшеді. Онда белгілі бір пәндербойынша профилизация қарастырылған. Мен Алматы қаласындағы және бірнешеөңірдегі мектептердің директорларымен кездестім. Кейбір түсініспеушілік бар.Біз нұсқаулық-әдістемелік хатта бұл жайлардың бәрін жаздық. Жалпы, мамандықтыайқындау мәселесі – өте өзекті. Бүгінгі таңда мамандықты айқындаудың сипатымынадай: ЖОО-лар мен колледждер оқушыларға тек 11 сыныпта қысқа немесе көктемгетаяу келеді. Оқу орнын жарнамалайды. Ал ол уақытта оқушы өзінің келешектегімамандығын таңдап та қояды. Бұл мамандықты айқындау емес», - деді министр Тамызконференциясында.

Асхат Аймағамбетовмамандықты айқындау жұмысы жүйелі сипатқа ие болуы керектігін жеткізді.

«Біздің ойымызша,мамандықты айқындау жетінші сыныптан басталуы керек. Яғни, алдын алапрофдиагностика жүргізіліп, қажетті шаралар қабылдануы тиіс. Білім және ғылымминистрлігінде бұл жұмысты қалай жүзеге асыру жағынан нақты жоспары бар», -деді Асхат Аймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар