«Бүгін біз жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастап отырмыз. Біз үшін үлкен мереке, үлкен қуаныш. Сондықтан, шын жүректен баршаңызды құттықтаймын! Жалпы, жыл сайын Қазақстанда 150-ден астам жаңа мектеп ашылып отырады. Дегенмен, бүгін алғашқы оқушыларын қабылдаған бұл мектептің деңгейі мен дәрежесі жоғары болмақ. Себебі, мектеп кейбір пәндерін ағылшын тілінде үйретеді. Бұл - қазіргі заманның талабы»,-дейді өз құттықтауында А.Сәрінжіпов.
Сонымен қатар, бүгін барша мектептерде алғашқы сабақ туған жер туралы болатынын айта келе, министр 1-сынып оқушыларына Мемлекет басшысының сыйлығы - «Менің Отаным - Қазақстан!» атты кітапты табыс етті. «Бүгін бүкіл Қазақстан бойынша мектептердегі алғашқы сабақ «Менің Отаным - Қазақстан» деген пәннен басталады. Өйткені, ең басты құндылығымыз - тұрақтылық пен келісім. Мемлекет басшысы биыл 1-сыныпқа баратын бүлдіршіндерге ерекше сый жасады. Биыл Қазақстан бойынша 330 мыңнан аса бала 1-сыныпқа барды»,-деп атап өтті А.Сәрінжіпов.