Шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардардың, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке компаниялардың білім беру басқармаларының, облыстардың және Астана мен Алмат қаласы әкімдігінің өкілдері, балаларды сауықтыру орталықтарының басшылары қатысты.
Семинардың ашылуына ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті басқармасының басшысы Гүлнаш Қошқарова мен «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының бас директоры Мұхитдин Төлепбай қатысып, алғысөз сөйледі.
Жиынның жалпы отрысында балалардың демалысын ұйымдастыру, сауықтыру жұмыстарындағы барлық қызметтерді ведомствоаралық ұйлестіру мәселелері қарастырылды. Семинар қорытындысында ұсыныстар әзірленді.