Оның аясында қазақстандық ұстаздар қазіргі заманғы мобильдi компьютерлердi арнайы әлеуметтiк бағамен сатып ала алады. Бағдарламаның әрiптестерi ретiнде Intel, Microsoft, Lenovo компаниялары және Alser мен Sulpak дүкендерi қатысуда.
"Мұғалiмге арналған ультрабук" жобасы ҚР БҒМ-нiң 2011 жылы қабылданған "Электронды оқыту жүйесi" бағдарламасын қолдауға бағытталған. Оның арқасында мұғалiмдер Lenovo U510 ультрабугiн 30 пайыз жеңiлдiкпен сатып алу мүмкiндiгiне ие болады және "Windows 8" кәсiби лицензиясы сыйға табысталмақ. Жоба бастапқыда Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында енгiзiледi. Кейiн бұл игi шараны Қазақстанның барлық өңiрлерiнде де тарату жоспарлануда", - дейдi жоба жетекшiсi, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаментi бастығының орынбасары Гүл Жүсiпова.
Жоба жергiлiктi бiлiм басқармалары арқылы iске асатын болады. Әзiрше бұған 1 мың ультрабук бөлiнген.