АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова жоғары сынып оқушыларының 7 жастағы баланы соққыға жығып, зорлау туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Факті расталған жоқ. Сараптама жүргізілді, бала зорланбаған», - деді Бибігүл Асылова Үкімет үйінде БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында7 жастағы баланы мектеп оқушылары ұрғаны және зорланғаны жөніндегі дерек тараған болатын. ол бойынша Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен Сарыағаш аудандық ІІБ ПБ қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.