Білім министрлігі талапкерлер арасында танымал ЖОО-ларды атады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова қандай жоғары оқу орындары талапкерлер арасында сұраныс ие екендігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл ретте,дәстүрлі түрде ұлттық университеттер жоғары сұранысқа ие. Осы орайда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетін атап өткен жөн. Сонымен қатар, өңірлердегі ірі жоғары оқуорындарына тапсырған жастардың қарасы қалың. Яғни М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттікуниверситеті, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жәнеинжиниринг университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттікуниверситеті бар», - деді вице-министр елордада өткен брифингте.

Мұнымен қоса, биыл тағы бірнеше университет танымал болған.

«Биыл алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласындағы ХалықаралықІТ-универсетет өз есігін ашты. Бұл жоғары оқу орнына айтарлықтай жоғары сұранысболды. Қазақстан-Британ техникалық универтитіне де сұраныс артты. Ал техникалықбағыттағы ұлттық университтер арасында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттықтехникалық зерттеу университетін атап өтуге болады», - деді Ф. Жақыпова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін 2019 жылғымемлекеттік білім гранты иегерлерінің толықтізімі жарияланды.

Соңғы жаңалықтар