Айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған.
«Суханбердиеваның айыбы өзінің мойындауымен, куәгерлер мен күдіктілердің түсініктемесімен және қылмыстық істің өзге де материалдары арқылы расталды (...) Күдікті өз айыбын толық мойындады», - деді мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Бекмағамбетов сот отырысында.
Айта кетейік, Эльмира Суханбердиева сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды және 2 айға қамауға алынды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Эльмира Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.