Білім және ғылым министрі оқулықтың бағасы қымбат екенін мойындады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқулық бағасының қымбат екенін мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен оқулықбағасына арнайы талдау жүргіздім. Бізде бастауыш сыныптар базалық оқулықпайдаланады. Негізгі және жоғарысыныптарға арналған балама оқулықтар бар. Екеуінің бағасын салыстырдым. Базалықоқулықтарды басуға белгілі бір баспалар мүмкіндік алып отырған. Сәйкесінше,бағасы жоғары болған. Ал баламасы бар оқулықтарды 4-5 баспа шығарған. Бұл жердемектептер өзіне тиімдісін таңдай алады. Осы бәсеке оқулық бағасына да әсереткен. Яғни, базалық оқулықтар баламасыбар оқулықтарға қарағанда қымбат екенін көреміз», - деген министр қазіргібағаға көңілі толмайтынын жеткізді.

«Оқулық бағасыбойынша министрліктің ұстанымы айқын. Оны есептеп шықтық. Қаламақы төлеукеректігін, бұл бизнес екенін түсінеміз. Сонда да, оқулық бағасы қазіргідейқымбат болмауы керек. Біз пікір алмасулар арқылы осыған көздерін жеткізуімізкерек. Яғни, баға саясатында министрлік сырт қалмауы керек. Бізде бұған дейінА4 қалыпты және одан да көлемдіоқулықтар болды. Енді елестетіп көріңіздер, бірінші сынып оқушысы отыр дейік.Олардың парталары шағын болады. Қасында парталасы отыр. Жаңағы көлемдіоқулықтар партаға сыймай, баланы әуреге түсіреді. Бір қарағанда бұл ұсақ-түйекмәселе сияқты. Бірақ баланың білім алуында рөлі орасан. Мұның бәрінің артындабілім беру сапасы мен тиімділігі тұр. Жалпы бүгінгі оқулықтардың жағдайынакөңілі толмайды», - деді ол.

Асхат Аймағамбетовоқулық шығару жүйесіне өзгеріс енгізілетінін атады.

«Салада жүйелімәселелер бар. Оқулық дайындау, оның сапасын сараптау, іріктеу жүйесіне өзгерісенгізетін боламыз. Сондықтан, ендігі оқулық басу кезеңінде мен барлықбаспаларға осы айтылған мәселелерді ескеруді тапсырамын. Мұндай бассыздықтарға жол беріп қоя алмаймыз.Нақты шешімдер қабылдап, жүйелі жұмыс жүргізетін кез жетті», - деп түйіндедіминистр.

Соңғы жаңалықтар