АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласында Билли Джин Кинг кубогы аясында 10-11 сәуірде өтетін Қазақстан — Канада матчында кімдердің кездесетіні белгілі болды.
Жеребеге сәйкес 10 сәуірде алдымен Қазақстанның екінші, әлемнің 74-ракеткасы Юлия Путинцева мен рейтингіде 198-орындағы Кайла Кросс кортқа шығады.
Содан кейін рейтингіде 781-сатыдағы Соня Жиенбаева әлемнің 130-ракеткасы, 2019 жылғы АҚШ чемпионы Бьянка Андреескумен ойнайды.
Сондай-ақ жұптық сында Анна Данилина — Жібек Құламбаева канадалықтар Ариана Арсено — Александра Ваграмовпен шеберлік байқасады.
Сенбі күні Юлия Путинцева Бьянки Андреескумен, Соня Жиенбаева Кайла Кроспен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын канадалықтар Анна Данилина мен Юлия Путинцеваны негізгі қауіп санайтынын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).