Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан теннис федерациясы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының ресми тізімін жариялады.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 22-27 қыркүйек аралығында өтетін командалық әлем чемпионатында ел намысын әлемдік рейтингіге ТОП-10-ға кіретін теннисшілермен қатар жас спортшылар қорғайды.

Атап айтқанда, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина, жұптық сында рейтингіде 6-орында тұрған Анна Данилина, сондай-ақ Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева, Соня Жиенбаева бар.

Команда капитаны - Юрий Щукин.

Қазақстандықтар алғашқы матчын Испания құрамасымен өткізеді. Ширек финалдық ойын 23 қыркүйекте Қазақстан уақытымен сағат 14.00-де басталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Соня Жиенбаеваның Ирландиядағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.