Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 5 561,1 мың шетелдік азамат Өзбекстандағы туысқандарына келген, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Статистика агенттігінің мәліметіне сай, туыстарымен көрісу мақсатында Өзбекстанға мына елдердің азаматтары келген:
- Тәжікстан - 2 030,5 мың адам;
- Қырғыз Республикасы - 1 702 мың адам;
- Қазақстан - 1 245,8 мың адам;
- Түркия - 49,3 мың адам;
- Түрікменстан - 9,6 мың адам;
- Оңтүстік Корея - 7,4 мың адам;
- Әзербайжан - 6,6 мың адам;
- Беларусь - 6,3 мың адам;
- Басқа да елдер - 503,6 мың адам.
Еске сала кетейік, биыл қаңтар-қараша айларында Өзбекстанға 6 млн 134 мың шетелдік турист келді.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.