Отырыста баяндама жасаған сенатор Кутбидин Бурхановтың айтуынша, 2025 жылы республикада 82 төтенше жағдай болып, салдарынан 256 адам жараланып, 221 тұрғын қаза тапты. 2024 жылмен салыстырғанда былтыр өрт оқиғалары 12,7%-ға, ал ажал құшқандар саны 7%-ға өскен.
Осы мәселеге алаңдаушылық білдірген депутаттар Министрлер кабинетіне парламенттік сауал жолдау туралы шешім қабылдады. Құжатта төтенше жағдайлардың мониторингіне қатысты сұрақтар қамтылған.
Еске салайық, Өзбекстанда қауіпті өнеркәсіп нысандарындағы ереже бұзу дерегін хабарлағандар сыйақы алады.
Сонымен қатар 2025 жылы Өзбекстанда 9 226 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 2100-ден астам адам жол апатынан қаза тапты.