— Binance хакерлік шабуылға тап болғанға ұқсайды, — деді компанияның бұрынғы басшысы әрі ең ірі акционері Чанпэн Чжао.
Сондай-ақ бұғатталған қаражат көлемі әлі де артуы мүмкін. Қазір компания құқық қорғау органдары және серіктестерімен бірлесіп, ұрланған активтерді іздеу және бұғаттау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Чанпэн Чжаоның айтуынша, Tether және Circle криптоплатформалары да ұрланған 1,7 млрд долларға жуық цифрлық активті бұғаттаған.
Circle компаниясының басшысы Джереми Аллейр Binance жүйесіндегі ақау туралы ақпаратты жіті бақылап отырғандарын және осы оқиғаға қатысы бар 800 млн доллардан астам активті бұғаттағандарын мәлімдеді.
Айта кетейік, Binance – күнделікті сауда көлемі бойынша әлемдегі ең ірі криптовалюта биржасы.
Бұған дейін Kraken халықаралық криптоплатформасы Қазақстанның цифрлық активтер нарығына шығып жатқанын хабарлаған болатынбыз.