«Осылайша, оқушыларымыз былтырғы көрсеткішті жаңартты. Олар өткен жылы 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған болатын.
Ереванда (Армения) өткен білім жарысына әлемнің 64 елінен 250 оқушы қатысты.
Еліміздің намысын Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскемен қалаларынан 4 оқушы қорғады. Ал бұл оқушының барлығы беделді олимпиаданың жеңімпаздары атанды.
Ұлттық құрама қоржынына Ерасыл Темірбеков, Дінмұхамед Омар және Әлихан Жұмағалеев күміс медаль әкелді. Ал қоланы Бақдәулет Ерназаров жеңіп алды», - деген ведомство басшысы о қушыларды лайықты жеңістерімен құттықтады.
Фото: www.facebook.com/askhat.aimagambetov