Бұлтуралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Ақтоты Боранова ведомствоның онлайн бифингінде мәлім етті.
«Бір апта ішінде 3390 қылмыс жасалды, оның 2036 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіру қылмысын, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің 6 әрекетін, 1 қарақшылық қылмысын, 27 тонау және 512 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты», - деді министрлік өкілі.
Сондай-ақ ол заңсыз майнингке қамқорлық жасап, борыштарды күшпен қайтарумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталғанын баяндады.
Күдіктілер 5 өңірдің аумағында әрекет етіп, заңсыз майнинг фермаларының жұмысынан ІТ-маманды еркінен тыс тартқаны белгілі болған.
«Қылмыскерлер 36 жастағы ІТ-технологиялар саласының маманын қылмыстық «есепшотқа» тіркеп қойған. Оны қорқыту арқылы майнинг фермалардың жұмысын ұйымдастырып отырған. Заңсыз қару сақталған орындарды анықтау үшін оперативті тәсілдер қолдану кезінде қылмыстық топтың 3 мүшесі ұсталды. Тінту кезінде жедел уәкілдер қылмыс қарулар мен құраларынан бөлек жалпы құны 7 млн доллар болатын заңсыз майнигке қажет 6 000 қондырғы, Макаров тапаншасы және 3 жалған көлік нөмірі тәркіледі», - деді Ақтоты Боранова.