НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен аптада еліміздің аумағында 3 351 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бір апта ішінде 3351 қылмыс жасалды, оның 2254-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 14 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 4 қарақшылық, 40 тонау және 509 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ресми өкіл министрлік ұйымдастырған онлайн брифингте.
Оның айтуынша, полицейлер Атырау облысында мұз астына түсіп кеткен екі жасөспірімді құтқарған, ал Павлодар облысында – шатырдан секірмек болған жігіт құтқарылды.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.