«Бір аптада 2839 қылмыс жасалды, оның 1701 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтіруге қатысты - 4, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты - 2, сондай-ақ 43 тонау және 388 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Ш. Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингіде.
Сонымен бірге қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 3,5 мыңға жуық бұзушылық анықталды. Бүгінгі таңда колонияларда 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған.