АСТАНА. ҚазАқпарат – Бір аптада еліміз аумағында 3 мыңға жуық қылмыс жасалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Ақтоты Боранова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бір апта ішінде 2917 қылмыс жасалды, оның 1698-і тәулік ішінде ашылды», - деді Ақтоты Боранова министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингіде.
Оның айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 4 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 38 тонау және 364 бөтеннің мүлікін ұрлау қылмысын ашты.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.