«Бір апта ішінде 3268 қылмыс жасалды, оның 2217 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 8 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 41 тонау және 522 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Н. Ораз онлайн брифингіде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, брифингіде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 млн-ға жуық жағдайы анықталғанын айтты.
Сонымен қатар С. Түсіпов жаяу жүргіншілердің тәртібіне қатысты проблеманы айтты.