Мәселен, 212 адам көлікті жүргізу барысында қауіпсіздік белдігін тақпаған, ұялы телефонмен сөйлескен 90 адам, мас күйінде көлік жүргізген 29 жүргізуші, жылдамдықты арттырған 176 азамат анықталды.
Бір апта ішінде облыста 11 адам жарақаттанып, 1-еуі қаза болған 10 жол-көлік апаты орын алды.
Сонымен қатар 13 шілде күні, апта сайынғы «Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігінің күні» акциясының барысында жол ережесінің 311 бұзушылығы анықталды, олардың 56-сын жаяу жүргіншілер жасаса, 15 бұзушылық көлік иелерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеуіне қатысты болды.