Бейнежазбада ұшақтардың бірі екіншісін қуып жетіп, оған қалай соғылғаны көрініп тұр. Бір қызығы, әуе кемесінің екеуі де бір ұшып-қону жолағынан ұшқан.
Сондай-ақ видеодан екі ұшақтың та қатты зақымданғаны байқалады.
Sudan Tribune мәліметтерінше, оқыс оқиға салдарынан Хартума әуежайы бірнеше сағатқа жабылған. Судан елінің ӘӘК болған оқиғаға еш түсініктеме бермеді, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы да хабарланбай отыр.