Бір түнде 8 көлікті үптеп кеткен екі жасөспірім ұсталды - Петропавл

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының полицейлері 8 көліктің тоналуына қатысты күдіктілерді қолға түсірді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Петропавл қаласының "Черемушки" ауданының тұрғындары бір түнде 8 көліктің ішінен заттардың тоналғаны туралы шағым түсірген. Ұрылар көліктердің терезелерін сындырып, салонда сатуға боларлық барлық заттарды жымқырып кеткен.

Петропавл қаласының ІІБ қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері ауданды бірден зерделей бастайды. Жедел іздестіру шаралары барысында үш жас жігіт күдікті ретінде қолға түскен. Олардың екеуі жасөспірім болып шықты.

"Олар ішкі істер оргндарына бұрыннан таныс болып шықты. Ұсталғандардан қолғаптары салынған рюкзак анықталып, жымқырылған заттар тəркіленді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айыптары дəлелденген жағдайда ұсталғандар 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар