Осыған байланысты барымташылық жасады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды. Олардың екеуі дәл осындай қылмысы үшін бұған дейін де жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Күдіктілер Іле аудандық ІІБ криминалдық полиция жедел бөлімінің шұғыл-іздестіру шаралары барысында ұсталды. Санкцияланған тексерулер нәтижесінде ұсталғандардың бірінің қорасынан әлгі жылқы үйіріндегі бес мал табылды. Жылқылар иесіне қайтарылды», - делінген баспасөз баянында.
Полиция қызметкерлері ұрланған 15 жылқының қалғаны сойылып, Алматы қаласындағы базарларға сатылғанын анықтады.
«Мал ұрлығына қатысты қылмыстық іс қозғалып, онымен Іле АІІБ тергеушілері айналысуда. Сотқа дейінгі тергеулер барысында ұсталған күдіктілердің дәл осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады», - делінген облыстық ІІБ баспасөз қызметінің хабарламасында.