ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 32 жастағы әйелдің ісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабында қарастырылған «Ата-аналық міндетін лайықты деңгейде атқармауы» бойынша әкімшілік іс қозғалатын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұдан өзге, кәмелеттік жасқа толмағандар құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында баланың анасын ата-аналық құқынан айыру мәселесі де қарастырылады. Оған дейін нәресте Балалар үйінде болады.
Бүгін таңертең Павлодар қалалық ішкі істер басқармасына көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден жылап жатқан баланың дауысы естілгендігі туралы қоңырау шалынған. Дәрігерлер баланың жасын анықтап, облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Полиция қызметкерлері баланы қараусыз қалдырып, өз жұмыстарымен шығып кеткен анасын тапты.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.