Биржада доллар бағамы өсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,14 теңгеге өсіп, 450,62 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 448,45 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 447,00 теңгеден сатып алынады, 454,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 500,12 теңге, сату — 510,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,20 теңге, сату — 5,40 теңге.
— юань: сатып алу — 66,20 теңге, сату — 70,27 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 451,29 теңгеден сатып алынады, 453,40 теңгеден сатылады. Еуро 502,43 — 506,85 теңге, ал 5,17 — 5,29 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,17 теңгеден сатып алынады, 69,90 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 13 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,68 теңгеге түсіп, 448,45 теңге болды.