Биржада доллар 450 теңгеден төмен түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Қозоғистоннинг халқаро захиралари август ойида 9,4 миллиард долларга ошди
Коллаж: Kazinform \ СИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,68 теңгеге түсіп, 448,45 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 451,31 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 446,01 теңгеден сатып алынады, 453,02 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 496,51 теңге, сату - 509,01 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,15 теңге, сату - 5,35 теңге.

- юань: сатып алу - 66,14 теңге, сату - 70,29 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 448,68 теңгеден сатып алынады, 450,77 теңгеден сатылады. Еуро 500,87 – 505,44 теңге, ал 5,17 – 5,28 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,22 теңгеден сатып алынады, 69,94 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 12 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,65 теңгеге түсіп, 451,31 теңге болды.