Қор нарығында теңге нығайып, доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

3 октябрь куни Қозоғистонда доллар қанча тенгедан сотилади
Фото: Kazinform/СИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,65 теңгеге түсіп, 451,31 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 453,93 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 447,02 теңгеден сатып алынады, 454,02 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 500,02 теңге, сату - 510,02 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,15 теңге, сату - 5,35 теңге.

- юань: сатып алу - 66,00 теңге, сату - 70,30 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 449,79 теңгеден сатып алынады, 451,77 теңгеден сатылады. Еуро 503,92 – 508,42 теңге, ал 5,15 – 5,26 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,06 теңгеден сатып алынады, 69,79 теңгеден сатылады.

Еске салайық, бұған дейін апта басында доллар қаншадан саудаланып жатқанын жазғанбыз.