Бірінші лигада «Ақжайық» Астанада «Жеңістен» жеңіліп қалды
Бірінші таймда 5-минутта алаң иелерінен гамбиялық Па Омар Жобе есеп ашты.
Екінші кезеңде грузиялық Торнике Дзебниаури 81-минутта есепті 2:0-ге жеткізді. Арада екі минут өткенде, «Ақжайық» сапындағы украиналық Микола Агапов бір голмен жауап қайырды.
Осылайша, ойын барысында өз мүмкіндіктерін пайдалана алмаған оралдықтар биылғы маусымда алғаш рет жеңіліс тапты – 1:2.
Бұл турда сондай-ақ түркістандық «Тұран» сырт алаңда «Ақтөбе-Жас» командасын 6:1 есебімен ұтып, турнир кестесінде 9 ұпаймен көш басына көтерілді. Үш матч өткізген түркістандықтар әзірге ешқандай ұпай жоғалтқан жоқ.
Сырт алаңда «Академия Оңтүстік» командасын 5:2 есебімен тізе бүктірген «Арыс» төрт ойыннан кейін 9 ұпай жинап, екінші орынға шықты.
«Қыран» «Қайрат-Жастардан» 4:3 есебімен айласын асырды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бірінші лигада «Ақжайық» пен «Елімайдың» жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ «Жетісу» футбол клубының бас бапкері ауысты.
«Манчестер Сити» шабуылшысы Ағылшын лигасында рекорд орнатты.