«Жетісу» футбол клубының бас бапкері ауысты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-лигада өнер көрсететін талдықорғандық «Жетісу» футбол клубының бас бапкері ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев команда ойыншыларына жаңа бас бапкер Асқар Қожабергенов пен оның көмекшісі Сергей Климовты таныстырды.

«Жетісу» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бұған дейін Алмас Құлшынбаевпен жасалған келісім-шарт екі тараптың келісімімен бұзылды.

Асқар Қожабергенов «Есиль-Богатырь» (Петропавл), «Ертіс» (Павлодар), «Тобыл» (Қостанай) сынды командаларды баптаған. 2014-2015 жылдары «Жетісуды» жаттықтырған. Сол жылы жетісулықтар ел чемпионатында екінші орынға көтеріліп, күміс жүлдегер атанған болатын. А.Қожабергенов 2012 жылдан бері Қазақстан футбол лигасы кеңесінің төрағасы міндетін атқарады.

Қазіргі кезде «Жетісу» 7 ұпаймен турнир кестесінде оныншы орында келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын аргентиналық шабуылшының мадридтік «Реалдың» қақпасына төрт гол соққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар