«Бірінші сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқулық даяр тұр. Мен оған өзім барып, көз жеткіздім. Осы ретте Астана оқулықтармен толықтай қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, елордадағы қызметтердің атқарған тиімді жұмысына алғыс айтамыз»,-деді министр.
Оның сөзіне қарағанда,бүгінде еліміз бойынша кітаптарды мектептерге жеткізу шаралары аяқталуға таяу.
«Жалпы біз үшін базалық оқулықтар көптеген мәселелерді шешеді. Бұл тұрғыда өңірлер арасында білім беру сапасын теңестіруді, екіншіден, еліміз бойынша ағымдағы оқу үлгеріміне қадағалау жүргізуді, бюджет қаржысының үнемдеуді қамтып отыр»,-деді Е. Сағадиев.
Оқулықтар деген құқық мемлекеттің құзырында екеніне тоқталған ведомство басшысы, осы орайда кітаптар мазмұнын жақсартуға ерекше мән берілетінін атап өтті.
«Биыл біз авторлардан мұғалімдерге қосымша көмек ретінде базалық оқулықтарды бейне материалмен толықтырып отыру мәселесін бастауды баспагерлерге ұсындық»,-деді министр.