«Бүгінгі күні біздерде оқулықтармен толық қамтамасыз етілген облыстар бар. Олар: Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалалары», - деді ол.
Дегенмен, департамент басшысының атап өтуінше, бірнеше облыстың, әсіресе, аудандық білім бөлімдерінің оқулықтарды толық жетізбегендігі мониторинг арқылы анықталған.
«Ақмола облысында Сандықтау, Жақсы, Шортанды аудандары мен Степногор қаласында, Шығыс Қазақстан облысында Тарбағатай, Ұлан аудандары мен Өскемен қаласында, Қостанай облысында Жетіқара ауданы мен Лисаков қаласында, Солтүстік Қазақстан облысында Аққайың, Айыртау, Шал ақын, Ғабит Мүсірепов, Жамбыл, Ақжар, Мағжан Жұмабаев аудандары мен Петропавлда және Қызылорда қаласында оқулықтар жетіспейді», - деді Ж.Жонтаева.