«Қазіргі таңда Малайзия, Польша, Мажарстан, Қырғызстан, Чехия, Әзербайжан және тағы басқа мемлекеттерден Қазақстанмен әуе қатынасын жандандыру бойынша ұсыныстар түсіп отыр», - делінген жауапта.
Сондай-ақ Қазақстан да басқа мемлекеттерге әуе қатынасын өзара ретке келтіруді ұсынған. Нақтырақ айтқанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақстандық әуе компаниялардың өтініші бойынша Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерімен рейстерді қалпына келтіру мәселесі көтерген. Осылайша комиссияның 2020 жылғы 3 қыркүйектегі отырысының хаттамасына сәйкес 10 қыркүйектен бастап Өзбекстан (1 рейс), Қырғызстан (2 рейс) мемлекеттеріне санитарлық талаптардың сақталуымен рейстерді қалпына келтіру және Тәжікстанға әуе сапарларын жандандыру мәселесін пысықтау тапсырылған.
«Сондай-ақ, қазақстандық әуе компаниялардың Ресейге рейстерді орындау бойынша ниеттері бар. Осыған байланысты, 2020 жылғы 12 тамызда министрлікпен РФ көлік министрінің бірінші орынбасары А.В. Нерадьконың атына екі мемлекет арасындағы рейстерді қалпына келтіру және қазақстандық авиатасымалдаушыларға рұқсаттар беру дайындығын растау туралы хат жолдады. Алайда бүгінгі күнге дейін Ресей тарапынан жауап келіп түскен жоқ», - деді министрліктен.