Биржада доллар бағамы 3 теңгеге көтерілді

Фото: freepik.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,02 теңгеге қымбаттап, 505,53 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 502,57 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 510,58 теңгеден сатып алынады, 516,35 теңгеден сатылады.

Еуро 592,28 – 602,34 теңге, ал рубль 6,14 – 6,41 теңге аралығында саудаланады.

Ал юань 72,31 теңгеден сатып алынады, 75,06 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 509,66 теңгеден сатып алынады, 516,66 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 591,84 теңге, сату - 601,84 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,24 теңге, сату - 6,50 теңге.
- юань: сатып алу - 72,42 теңге, сату - 77,03 теңге.

Еске салайық, 30 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар 1,58 теңгеге арзандап, 502,57 теңге болды.