Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,59 теңгеге өсіп, 493,15 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 488,96 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 488,99 теңгеден сатып алынады, 495,99 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 568,99 теңге, сату — 578,99 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,50 теңге, сату — 6,80 теңге.
— юань: сатып алу — 68,50 теңге, сату — 73,68 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 491,85 теңгеден сатып алынады, 494,40 теңгеден сатылады. Еуро 571,43 — 576,78 теңге, ал рубль 6,56 — 6,69 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 69,63 теңгеден сатып алынады, 72,25 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 1 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,45 теңгеге өсіп, 488,96 теңге болды.