Биржада доллар бағамы 500 теңгеге жақындады

Коллаж: Kazinform/ Canva

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,4 теңгеге арзандап, 501,79 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 503,35 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 502,31 теңгеден сатып алынады, 504,55 теңгеден сатылады. Еуро 593,15 – 597,31 теңге, ал рубль 6,49 – 6,60 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,47 теңгеден сатып алынады, 76,24 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 500,00 теңгеден сатып алынады, 507,00 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу - 590,00 теңге, сату - 600,00 теңге;

– рубль: сатып алу - 6,32 теңге, сату - 6,62 теңге.

– юань: сатып алу - 74,37 теңге, сату - 78,55 теңге.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 2,36 теңгеге арзандап, 503,35 теңге болды.