Биржада доллар тағы 2 теңге қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы өсті.

Коллаж: Kazinform/ЖИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,5 теңге өсіп, 456,89 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 454,46 теңге.

Kurs.kz мәліметіне қарағанда, Астанадағы ақша айырбастау орындарында:

  • доллар 452,19 теңгеден сатып алынады, 459,32 теңгеден сатылады;
  • еуро: сатып алу — 523,29 теңге, сату — 533,29 теңге;
  • рубль: сатып алу — 5,15 теңге, сату — 5,36 теңге.
  • юань: сатып алу — 68,66 теңге, сату — 72,54 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 454,32 теңгеден сатып алынады, 456,31 теңгеден сатылады. Еуро 529,30 — 533,70 теңге, ал рубль 5,15 — 5,25 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,32 теңгеден сатып алынады, 70,53 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 8 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,19 теңге өсіп, 454,46 теңге болды.