Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,1 теңгеге өсіп, 464,77 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 462,30 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 460,00 теңгеден сатып алынады, 467,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 532,99 теңге, сату — 542,99 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,25 теңге, сату — 5,45 теңге.
— юань: сатып алу — 68,39 теңге, сату — 72,39 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 463,25 теңгеден сатып алынады, 465,38 теңгеден сатылады. Еуро 538,01 — 543,36 теңге, ал рубль 5,25 — 5,40 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,72 теңгеден сатып алынады, 70,82 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 27 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,28 теңгеге өсіп, 462,30 теңге болды.