Биржада теңге нығайып, доллар бағамы тағы түсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,23 теңгеге түсіп, 461,37 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 464,73 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 459,88 теңгеден сатып алынады, 466,88 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 539,85 теңге, сату — 549,85 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,99 теңге, сату — 6,29 теңге.
— юань: сатып алу — 67,96 теңге, сату — 73,74 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 461,44 теңгеден сатып алынады, 463,79 теңгеден сатылады. Еуро 542,13 — 547,78 теңге, ал рубль 6,02 — 6,15 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,54 теңгеден сатып алынады, 71,74 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 21 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,56 теңгеге түсіп, 464,73 теңге болды.