«Жол-көлік оқиғаларында да қаза болғандар мен жарақат алғандардың төрттен бір бөлігін жаяу жүргіншілер құрайды. Онда 200-ден астам адам қаза тауып, 2 мыңға жуық адам жарақаттанды. Ал жаяу жүргіншілердің кінәсінен 200-ге жуық жол-көлік оқиғасы орын алды. Онда 40-тан астам адам қаза тауып, 150-ге жуық адам жарақат алған», - деді ол Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Осы ретте ол жүргізушілерді жолдарда дөрекілікке және бассыздыққа жол бермеуге, алкогольді немесе есірткіге масаң күйінде көлік жүргізбеуге шақырды.