Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл өңірде көлік апаты азайып, соның салдарынан қайтыс болғандар саны да 33,2 пайызға кеміген. Темір тұлпарын алкогольдік немесе есірткіге масаң күйде басқарған 621 жүргізуші ұсталып, іс материалдары сот органдарының қарауына жолданды.
Облыстың полицейлері биыл жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде 108 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған.
Сонымен қатар, жол сақшыларының көмегімен 1 500-ден астам қылмыс ашылғаны белгілі болды, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 14,2 пайызға жақсарды.