Серік Қамидолланың мәліметінше, мұнайлы өңірге қоныс аударған этникалық қазақтардың басым көпшілігі Өзбекстан Республикасынан келген. Бұл елден атажұртқа жеткен 25 отбасында 35 адам бар.
Ал, Қытай Халық Республикасынан - 8 отбасымен 10 адам, Украина Республикасынан - 2 отбасымен 2 адам келген.
«Елге келген қандастардың оралман мәртебесін беру туралы өтініші халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы түсті. Құжаттары қаралып, оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. Қазір олардың бәрі облыстағы қала мен аудандарға орналасқан», - деді Серік Қамидолла.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 1 шілдеге дейін 8 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алғанын хабарлап едік.