Биыл еліміздің түзету мекемелерінен қашудың екі әрекеті тіркелді

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Сотталушылардың абақтыдан қашуына тосқауыл қою мақсатында алдағы жылы еліміздің 12 түзету мекемесінде күзеттің инженерлік-техникалық құрылғылары қайта құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев мәлім етті.

Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстанда қашуға 4 рет әрекет жасалған, ал биыл осындай 2 факті тіркелді. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында 2012 жылы 10 түзету мекемесінде күзеттің инженерлік-техникалық жабдықтары қайта құрылған көрінеді.