«Биыл елорда әкімдігінің тікелей қолдауымен «Астана Арена» спорт кешені жанынан қалалық жауынгерлік өнер және бокс орталығы ашылды. Және қаланың оң жағалауындағы тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін Жирентаев көшесі бойында жекпе-жек орталығын аштық. Сонымен қатар Тәуелсіздік сарайында көркем гимнастика орталығы іске қосылды. Одан бөлек, Сарыарқа велотрегі жанынан Дзюдо орталығы жұмыс істей бастады. Ашылған орталықтар мен залдар заманауи құралдармен жабдықталған», - деді С. Ерғалиев.
Сондай-ақ, басқарма басшысы қала маңындағы елді мекендерде бірнеше спорт кешенінің салынып жатқанын тілге тиек етті.
«Қазіргі таңда 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ильинка, Көктал-2, Өндіріс, Железнодорожный тұрғын алаптарында салынып жатқан спорт кешендері биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі», - деді ол.
Одан бөлек, С. Ерғалиев биыл Нұр-Сұлтанда «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына 50 қала әкімінің гранты бөлінетін жеткізді.
Еске сала кетсек, бұған дейін астаналық балалар мен жасөспірімдердің спортпен тегін түрде шұғылдана алатындығы хабарланған болатын.